ВЕРНУТЬСЯ

1.Көрінбейді анашымСүйіншілеп “ұлым міне, келді” деп,Ар туындай ақ жаулығы желбіреп,Жүргенде анам сағынышты баса алмай,Үй төрінде отырушы ем елжіреп. Анашым-ай, көлеңкемді бақ тұтқан,Пейіліңді жақының да, жат та ұққан.Жатушы еді дастарханың жиылмай,“Шүкір, Алла”, – айтар сөзің шаттықтан. ...Міне, енді жатыр ауылы қаралы,Қайтпас жолға аттандырған ананы.Туған үйден мен де ұзап барамын,Шығара алмай ішімдегі наланы. “Қашан мұнда ораламын енді”- деп,Қарайладым, сорлы жүрек елжіреп.Үй жанында көрінбейді анашым,Жүретұғын ақ жаулығы желбіреп... 2.Құбатау, қош бол!Осынау Құбатаудың бөктерінде,Жазыпты жастық шақты өткеруге.Осында жар құшыппын, бала сүйіп,Беріліп талай мәрте от сезімге. Осында табиғатпен үндесіппін,Қыз-ғұмыр көктемінде гүл кешіппін.Өлеңнің өлкесінде ат шалдырып,Арманмен ата жұртқа бір көшіппін. Мен кеттім арман қуып сағымданған,Бұл жерде ана қалған, бауыр қалған.Қарамай ештеңеге жетуші едім,Анамды көп көрмесем сағынғаннан. Сенгендей ешбір жаққа бармасына,Серт етіп өскен жері – Қағбасына.“Шалымның қасында мен қалам”- дейтін,Тілегі қабыл болды, қалды осында. Қондырып бақиға алтын қазығымды,Сапарға пенде болдым жазылулы.Қия алмай ата-анам жатқан жерді,Шарқ ұрдым шағаладай жаны мұңды. Мұң қашар, күн де туар оңалатын,Көңілдің жан құштарын таба алар кім?!Құбатау, қош аман бол көрмей кетсем,Анам жоқ сағынғанда оралатын...