ВЕРНУТЬСЯ

Қайран жүрек, шабыт бер құйындаған,Нөсер өлең төгейін тыйылмаған.Шөл даладай кезеріп жүрмін қазірКөктемеде бір тамшы бұйырмаған. Шабыт болсын ұсынған сыйың маған,Соны берші, сол үлкен бұйым маған.Тойдан кейін бос қалған дастарханныңЫдысындай ойларым жиылмаған. Ұстай алмай шабыттың дүр пырағын,Мазаң ойдың күтемін бір тұнарын.Қайран жүрек, шабыт бер, тұтанайын,Отауымда жағайын жыр шырағын!