ВЕРНУТЬСЯ

Тұлпар уақыт тізгінге бағынбаған,Жылдар өтіп барады жалындаған.Жабырқаған жүректі жалаулатарБір қуаныш жетпей тұр, жаным, маған.Бір қуаныш...Өзі жоқ, елесі бар,Ғұмырыма сол сынды беретін нәр ?Мен дегенде тас-тағдыр бүлк етпейдіӘуелден-ақ бітіспес егесі бар.Бір қуаныш,Сәулесі үмітімнің,Күте-күте бордайын үгітілдім,Ойы жеткен қияға, өзі жетпесӘуселесін көрдің ғой жігітіңнің.Күндер қайда,Алмастай жарқылдаған ?Кемедейін желкені қалтылдаған.Қор болуы адамның оңай екен,Бір-ақ сәттік екен ғой нарқың, бағаң...Бір қуаныш жетпей тұр сілкінуге,Мұзбалақша шыңдағы бір түлеуге,Найзағайдай жарқылдап зеңгір көктеАқ жаңбырша нөсерлеп, сіркіреуге.Бір қуанышАлыстан сырғақтаған,Келерін де, келмесін жұмбақтаған,Білетінім, әйтеуір сол бір сезімҚымбаттаған мен үшін,Қымбат маған...                                            11. 02. 2007 жыл.