ВЕРНУТЬСЯ

Қаңтар да өтерАқ мамығын аунатып,Ақпанда өтерАязбен “шымшып”, жауратып,Наурыз да келерӘуеден ақ нұр саулатып,Сәуір де келерДаланы бір сәт жайнатып.Келер де кетерБірімен бірі алмасып,Осылайша өмірЖатады екен ғой жалғасып,Білтелі шамдайҒұмырдың өзі шектеуліБарасың қайдаЖүргенмен қазір алға асып...Өмір дегеніңЖанның көктеуі, солмағы,Орны бар болса,Оңалып қайта толмағы,Өмір дегеніңСапардағы көш керуенКенеттен бірақТоқтап қалмаса болғаны.Өмір дегеніңҚоңыр кешің мен ақ таңың,Бақыт пен сорың,Бейнет пен зейнет тапқаның,Жылап келіп,Сәулеге есік ашқаның,Жылап барып,Есікті қайта жапқаның...