ВЕРНУТЬСЯ

Қадірлеңдер,Аялаңдар Ананы,Суланбасын ғазиз жанның жанары.Сүйінетін,Күйінетін бала үшінБарометр ананың да қабағы.Теңе мейліДанаға да дараға,Жетпейді ешкім ақ пейілді Анаға!Тек ана ғой...Тек ана ғой, білгенгеБауыр етін кесіп берер балаға.Ержеткен соң,Билеп түрлі санаңды ой,Әр қиянға саларсың да қадамды-ай,Кім болсаң даБірақ түптің түбіндеШын қамқорың табылмайды Анаңдай.Өмір-өзен,Ілесерсің ағынға,Бал күндерің айналар-ау сағымға.Бар кезіндеҚадірін де білмессің,Анаң мәңгі жүретіндей жаныңда.Ол бар кездеПерзентінің таңы нұр,Күн бейнелі шуағынан жаны гүл.Қадірлеңдер,Аялаңдар Ананы,Ондай жанды таба алмассыңСоны біл..!                                        17.03. 2007 жыл.