ВЕРНУТЬСЯ

Өзіңдей кім барАлдымнан асқақтап шығар?!Көзің бе еді ұлдарБарғанда қашқақтап бұғар?Сен кеткелі орының ойсырап, қартым,Елесің қапты көгалда ат баптап тұрар... Жан жоқтай қамқорҚұм басқан шарбағың жатыр,Аруана аунарКүл шашқан шаңдағың тақыр,Төрт көзі түгел отырып, көлеңке баққан,Мұншама неге болды екен ұлдарың пақыр?! Ісіңді күйттерЖоқ екен, қора жұтаған,Үрерге ит жоқ,Көз тұнар алабұтадан.Қиюы қашқан тірлікті көргендер бүгінЕске алар ылғи өзіңді, елге құт адам... Қаусаған дүние,Көргенім сөгілген ірге,Дей алмады ешкім:“Оңалар, көңілді бірле,”Береке-бірлік, ер-намыс, бақ-дәулеттің деКеткенін білдім, қартым-ау, өзіңмен бірге...