ВЕРНУТЬСЯ

Таң әлеті, тәтті кезі ұйқының,Ояу едім, маза бермей жыр-құйынТөргі үйімнен ауық-ауық естілдіСәби үні, сықылығы күлкінің... Ақырындап, адымымды есептеп,Үңілдім кеп бөбек жатқан төсекке,Күледі де, былдыр-былдыр сөйлейді,Бал жүзінен, мейір қанбас, неше өпсе. Рахатта, ұйқысырап алаңсыз,Дүниенің жай-күйінен хабарсызЖатыр бөпе, кірпік қақпа, тыныштық,Ұйқысынан күрт шошытып аларсыз. Бір бақытқа кенелгендей кезігіп,Қуаныштың сақшысындай сезініп,Ойға қалдым неге кейбір адамдарТыныштықтан жүреді деп безініп? Бір кішкентай бөлшегі боп тірліктің,Жатыр сәби, мен мынадай сырды ұқтым:Бақыт болса адам үшін жер басқан,Ең үлкені сол бақыттың – бейбіт күн!