ВЕРНУТЬСЯ

Ақын Рахмет Аяпбергенұлының рухына.«Мы теперь уходим по немногу...»Сергей Есенин.Әй, Рахмет-ай,Ақыным-ай, аңқылдақ,Жиын-тойда өлең оқып, саңқылдап,Жүруші едің, бір күнгідей болмадыАжал-тажал алып кетті-ау алқымға ап... Жыр пырағын мінгенің шын тағалап,Жас ақын көп соңыңа ерген ағалап,Төлегенді «тірілткеннің» бірі өзіңӘр шайырды жүретінсің бағалап. Ақ көңілдім, жалпаң қаққан сенгішім,Сенің бізге аз емес-ті оңды ісің,Біреулердің кеңіді ме өрісі,Таба алар ма енді сендей көнбісін...Бізге ашып айта алмадың мұңыңды,Кей ретте шаппай туың жығылды.Түсінгісі келмегендер түсінбес,Жыр сүйер жұрт сені ақын деп ұғынды.Сұм ажалға келмес пенде шамасы,Содан бітпес қайғысы мен наласы,Енді сені жырларыңнан іздеймізӘй, Рахмет-ай, Пір Бекеттің баласы...15.05.2008.