ВЕРНУТЬСЯ

Ой қуғанның бұл өзі жазасы білем,Өңім түгіл түсім де мазасыз кілең.Шулы қаладан шыға алмай қамалып қалып,Түсімде ылғи абдырап, адасып жүрем. Сұп-суық қала танытып қамалдай қалып,Жыр оқыр шақта жырымды таба алмай налып, Төсегім терлеп, алқынып оянып кетем,Жығылып туым, намыстан жүрегім жанып. Түсім екенін сезген соң қуанып кетем,Өзімді-өзім алдаймын, жұбанып бекер,Егер де мәңкүр-нәңкүр кеп жауаптар болса,Күндерім көп-ау сандалма, қызарып өтер. Әулекі тағдыр қаншама мазақ қылғасын,Туғалы бері құр емес азаптан басым,Қиындығынан қашқан да, қаймыққан да емен,Түсімдегідей өмірде адастырмасын...  * * *                           ***Шекеден шағып шағыр күн,Көз алдым сағым көлкіген.Аяқты орап шағыл құм,Жүре алмай алға, ентігем...Түскендей аспан айналып,Жүзімді жалап отты леп,Ұмтылам алға, қарманып,Моторша жүрек тепкілеп.Ауызға келіп қос өкпе,Кезерген ерін жарылып,Сүрінем жатқан кесекке,Бір ұрттам суға зарығып.Тоқтықтың тарттым өтеуін,Жоқтыққа тағдыр кез қылды,Өмірдің қымбат екенінБір ұрттам сумен сездірді.Үмітімді алға сүйретіп,Налыдым, көзде жас құрғап,Тірліктің ақтық минутынАлдамшы уақыт жатты ұрлап.Жығылып құмның өрінде,Жарықты соңғы батырдым....Ояна келсем, төріндеӨз отауымның жатырмын.