ВЕРНУТЬСЯ

Шын сүйген мөлдір аспанын,Жер-суын, тауын, тастарын,Қуанып тұрам көргендеДаламның қарлығаштарын. Желтоқсандағы ызғардаШарқ ұрған рухы құздарға,Мен сонда тәнті болғанмынҚаракөз қазақ қыздарға. Жақын туған-ау жаныма,Салқам даламның бағына,Ризамын, тәңір, ризамынОсы екеуінің барына. Жел қанат қарлығашым-ай,Елге абат қарындасым-ай.Даламның құты – өздерің,Қағыңдар қанат, жасымай!