ВЕРНУТЬСЯ

Бастан өтіп небір күн,Мұңайдым да, қуандым,Сенен тауып алданыш,Жас балаша жұбандым. Төсегімде тыншытпайЖігіттік пен серілік,Махаббатқа сыр айттым,Сен арқылы егіліп. Ерте тұрып, кеш жаттымҚызметтің бабымен,Шаршасам да, сені аңсап,Қалам алдым тағы мен. Көңілімді мазалап,Ұйқымды сан қашырдың,Магниттей тартатынҚұдіретіңе бас ұрдым. Талай дос та, таныс таБөлек салды іргесін,Көлеңкемдей сен бірақ,Меніменен біргесің. Көкірекке сен қонсаң.Шабыт қалай көз ілсін?!Бұл жалғанда айнымас,Сырлас досым өзіңсің! Өмір-өзен ағысыТартса бір күн тереңге,Менен қалған белгідейӨлеңдерім сен өлме!..