ВЕРНУТЬСЯ

Мизамбай ағамның рухына Ауырғаның жатса дағы естіліп,Мына інің танытпады естілік,Күйкі тірлік қамыт болып мойынға,Жүре берді ерте күнді кеш қылып... Сен бар-ау деп көңіліне ілмеген,Жоғалған соң опық жеген, іздеген,Дүниеде мендей ессіз бар ма екен,Бұл жалғанның жалғандығын білмеген?.. Айтарыңды жеткізе алмай толғап кең,“Келмеді-ау” деп, сәлеміңді жолдап та ең,Аға, кешір, алшаң басып жүрген соң,Сені осынша тез кетер деп ойлап па ем? ...Жаралған соң тірлік-күрес басталар,Мұңданармыз, кей күніміз қош болар.Інілерім салмай кетті ат ізін,Іздер бір күн, бірақ бәлкім кеш болар...