ВЕРНУТЬСЯ

Кездесу кешінде оқылған өлең Кластастарым, ұстаздар, достар, армысың!Бозбала қайда, елік қыз қайда тал мүсін?Көп жылдар өтті қуантып, кейде мұң артыпСаумысың бәрің, ортада бүгін бармысың? Киелі өлкем, әулиелі мекен Ақтасым,Қастер тұтамын бала ізім сенде жатқасын.Сені ойлауменен, қарайлауменен, ардағым,Жан-жақтан келіп тіредік бүгін ат басын. Оралдық саған, ұяға қайтқан құстардай,Алтын қазығым, сендегі тарту күш қандай!Өзіңе келсем, көңілім – көктем, жаным – жаз,Қыран – жүрегім көгіңді тіліп ұшқандай.Есімде бәрі, сенде жетілдім, сенде өстім,Сен жебеп жатсаң, төбемнен менің төнбес мұң.Тағы да, міне, жылдарды салып арағаӨзіңмен және кластастармен кездестім. Ортаңа келдім ерекше көңіл-күйменен,Жаңалықтарың құт болсын біздер білмеген.Артының және қайырын тілеп кетейінҰстаздарымның қатарын көрдім сиреген. Беу, ұстаздар-ай, ертеңге бізде қадам нық,Алға апаруда үйреткен сіздер адалдық.Шәкірт өсірдің, алғыс арқалап өттіңдер,Тілейітін тілек – баянды бақ пен амандық. Қайран ауылым, ұстаз қауымым, армысың,Пәле-жаладан, мұң мен наладан саумысың?Жеткізе алмаспын, жеткізе алмаспын мен, сірә,Құйттай жүректің кеудеге сыймас алғысын!