ВЕРНУТЬСЯ

Әнші –сазгер Айткүл ӘбдіразақовағаСен ән салсаң,Аспаным ашылғандай,Ақ жаңбырым дүркіреп басылғандай,Бозаң дала сұлудай сылаң қағып,Жусан исі әтір боп шашылғандай.Сен ән салсаң,Каспийім толқынданып,Ақ шағала төсінде жарқыл қағып,Шұғыламен астасқан көк теңіздіңКөкжиегі көз тартар алтынданып.Сен ән салсаң,Рухым көтеріліп,Жігер алам тау-тасты кетер үгіп,Ал, жүрегім айналып жанартауғаАлауынан жатардай от өріліп.Ән сал, тағы,Аңсайын, сағынайын,Әуеніңе жіпсіз-ақ таңылайын,Осылайша қанаттан, қалықтап ұшСерігіңе айналып лағыл әнің...                                                          10.06.2008.