ВЕРНУТЬСЯ

Әні: Айтгүл ӘбдіразақованікіШалқыған теңіз де аман, жаға да аман,Қалқыған көз тұнады шағаладан.Мылтықтыға сен мені ұқсаттың ба,Оу, шағалам, шаттықты жағалаған… Әлде мені өзіңе дос тұттың ба,Ілестің сен шаңқ етіп көкке ұштың да,Ғашығынан айырылып, құса болып,Көк теңізден безінген ақ құссың ба?! Шөкім бұлттай қалқисың жел іздеген,Мұңлықсың-ау, жүрекке ем іздеген.Айырылсаң да досыңнан егіз жүрген,Өмірің бір, шағалам, теңізбенен! Қанша ұзап кетсем де жағалаудан,Құтылмадым ілескен шағаладан.Жалғыз құстың бейнесі ұқсап тұрдыҚарындасқа артымнан ағалаған...