ВЕРНУТЬСЯ

«Біз өлеміз, ал өлең қалады»А.Блок.Пендешілік ойларымнан арылып,Өлең қазық, ал мен оған таңылып,Отырайын мұзбалақтар ұшатынАрдың аппақ шыңдарынан табылып. «Ашу- дұшпан, ақыл-досты» ұстанып,Жаз жайраңдап, көктем күліп, қыс бағып,Отырайын өсек, өтірік, мақтаннанҰмытылып, саф алтындай тыс қалып. Төсін ұрып, күбінгендер күбінсін.Битін салып, жүгіргендер жүгірсін.Менің белім, ақыл-есім, ой-санамІзгілікті арқалаумен бүгілсін. Жалғандықтан, көрген қулық, сұмдықтан,Өлең өліп, бұл күндерде шалдықты ән.Құлағыма әлсін-әлсін жеткендейӘуезді әуен, бабы кетіп қарлыққан. Сөз алтыны жатқан сынды тапталып,Даурықпадан біреулер жүр “бақ” тауып.Жүрегімді жалындатқан отты жырКөсемесем бара жатыр шоқтанып...Шілде. 2006.ж.