ВЕРНУТЬСЯ

Әні: Амангелді СұлтанғалиевтікіДуман келді,той келді төрімізге,Ақ тілеу мен шат күлкі-бәрі бізде,Көптен күткен осынау қуанышқаҚосылыңыз, кәне енді келіңіз де. Қайырмасы:Құтты болсын,Ағайын келіндерің,Көтерейік биікке көңіл көгін,Екі жасқа айтатын тілегіміз –Махаббатпен өтсінші өмірлерің. Қуаныштаатасы, анасы даАпасы да, інісі, ағасы да,Шаңыраққа жиылды туыс-бауыр,Бөле, жиен, осында нағашы да. Қайырмасы.Бүгінгі той,ортақ той екі жасқа,Шаттануда әнеки, құда жақ та,Мұндай күнде негіз жоқ өкпелеугеӘнді баста, ағайын биді баста. Қайырмасы.Ақ тілектіңайтылар жөні барда,Қапы қалма ағайын, сөзді қамда,Жарып шығар жүректі жақсы лебізОсындайда керек қой, осындайда. Қайырмасы.БүгінгідейАсқақтап әніміз де,Жарасымды сән кірсін, сәнімізге.Үйіңізге аққудай келін түсіп,Кенеліңіз шаттыққа бәріңіз де.Қайырмасы.