ВЕРНУТЬСЯ

Қиналдым-ау, жан таппай сыр ашатын,Қимастығым ғұмырға ұласатын.Қуанғанда қос жүрек бірге соғып,Қайғырғанда қосыла жыласатын. Кейбіреуге сырымды айтып, налып,Жүруші едім, танытты тәйтік қалып.Түсінетін жан жоқтай, жұрттың бәріҚарабай боп, кеткендей Жантықталып. Өшпейтіндей дақ салып, опындырып,Кей жігітің көрсетті қатын қылық,Жарасатын жан таппай, жан-жүрегім,Көштен қалған күшіктей жатыр ұлып. Шабыттансам жырымның басы-уайымТұнжыр көгім күтеді ғашық айын,Көкжиекше алдымнан қол бұлғап шық,Бұлтты түрген күнге ұқсап асығайын...  * * *                      ***Көңілімнің қалғаны-ай құлазып-ақ,От жақпаған үй дерсің – тұр азынап.Осындайда бір адам табылсайшыҚаузайтындай жаныңды біразырақ... Кетті-ау, бәрі сауғалап қара басын,Тірлік үшін жүгіріп, жағаласып.Жоқшылықта талайлар қашты менен,Танымайтын жанға ұқсап, араны ашып... Ойласаң, қалады екен жаның жасып,Баршамен жүрген қандай араласып?Кел дағы, көңілімді қаузап жібер,Кетсінші менен құрғыр нала қашып...