ВЕРНУТЬСЯ

Әні: Жалғас Кеңесовтікі Ақ кемеде ару көрдім ай жүзді,Жарқ еткенде, жанарында таң күлді.Қарағанда ғашық еткен сол бір қыз,Талай жанның жүрек отын жандырды. Қайырмасы:Кемедегі ару қыз,От болсаңыз, жалынбыз.Шырқасаңыз, әнің – біз,Басыңдағы бағыңбыз. Көкірекке көктем еніп, жаз күлді,Жиып берем әлемдегі бар гүлді.Ақ кемеде арман болған аруым,Саған ғана арнап өтем ән-жырды.Қайырмасы. Айдай көркің мейірімді қандырды,Бақыт көрем кездестірген тағдырды.Біз – жолаушы, сен – шамшырақ шақырған,Ақ кеменің ару қызы ай жүзді.Қайырмасы.