ВЕРНУТЬСЯ

“Сүлеймен патшаның алтын жүзігінің бетіне“Бәрі де өтеді”деген сөздер жазылған екен. Қайғырса да, қуанса да соныоқып, сабасына түсіп, тәубесіне келетін көрінеді. Тірліктебәрі де өткінші. Ештеңе мәңгілік емес.....”.         Газеттен.Мұрша келмей,Кенеттен абайлауға,Сәл-ақ қалдым,Ғұмырды тәмамдауға.Ажал шіркін,Қасымнан ағып өтіп,Уақыт қиды,Әлі де “амалдауға...”.О, жаратқан,Дәрменім, шамам барда,Асықтырма,Сапарды тәмамдауға.Бәрі де өтті, өтеді,Өте берер,Мұрсат бершіӨмірді бағамдауға.Сұрайтыным,Жүгіндір адамды арға,Құласам даСалмашы наданды алға.Фәниде әлі жүруді жаздың екенТаба қылма,Тірлікте жамандарға.ОсындайдаЖаныңды жаралауға,Қаралауға,Сыртыңнан табалауға,Әзір тұрар кей пендеңО, жасаған,Қор көрсетпе соларға,Санамды алма!Өте шыққанБалдәурен балалығым,Бір бұрылып,Артыңа қара бүгін,Сал дәуренім, жастығымСен де көрші,Тас төбемнен төніп тұрНала-күнім.Сұңқардаймын,Оқ тиген иінінен.Тұлпардаймын,Айырылған үйірінен.Бұл да өтер...Жаратқан,                                                                                                          Құлатпа текМені аппақ Арымның биігінен!* * *“Енді емделсем, туған жердің топырағымен емделем...” Мұқағали.Басқызбасын аяғым сырқыраған,Қырға кетем, жусаны бұрқыраған.Қара сирақ кезімді сағындым ғойТай-құлындай тебісіп, шұрқыраған. Сәлем берем, ауылдың шалдарына,Бата берсін қолда өскен балдарына.Ақ жаулықты ананың алақанынБір ұлындай тигізем маңдайыма. Ауырғанын елемей аяғымның,Сай-саласын кеземін баба қырдың.Гүл сыйлаған қыздарға кезімді іздепАлқабына барамын бабагүлдің. Арай таңды қарсы алып нұрын шашқан,Шаруагерге көрісем мерейі асқан.Мауыт түнін жамылып ауылымныңЖұлдыздарға сыр айтам жымыңдасқан. Ауыл барсам алдымнан бәрі дайын,Жоғалады мендегі бар уайым.Киелі топырағына табан тисе-ақБойымдағы бар дерттен арыламын...                                                              01.06.2007.