ВЕРНУТЬСЯ

Көктей өтіп өмірдің сындарынан,Жеміс іздеп мәуелі жыр-бағынанЖүрген едім, сен мені шошындырдың,Неге адастың, жүрегім, ырғағыңнан?.. Аулақ қашып өсектен итше үрген,Сенгіштігім үшін тек соққы көргем.Келте-кетік күндерім көп болса да,Бұл өмірді жан едім құлай сүйген. Шаршадың ба кездерден жанұшырған?Өресі пәс жаманнан сағың сынған,Көкірегімнен кетердей ұшып шығып,Беу, тентегім, жаңылдың қағысыңнан. Шортандайын кеудемде салдың ойран,Бөтен жұрттай бітімін мәңгі жойған.Сен суынсаң, тән семіп, ойым жұтап,Тұлпардайын болармын тұсап қойған. Мазалама, мен әлі жүре тұрамТолқындайын жағаға жүз атылған.Парызымды жердегі өтеген соң,Қоштасамын қыздайын ұзатылған...