ВЕРНУТЬСЯ

Ақпандатып, долы желі сарнаған,Сұлық жатыр мейірімге зар далам.Халық мынау, бар қамсауын қамдаған,“Нарық ” мынау – қанға тоймас қандалаң,“Жанарыңда мұң бар” дейсің сен маған... Қыран ұшпай қос қанатын қомдаған,Құзғын шықты көп шуылдақ қолдаған,Алға озып дуылдаған дау-дамаң,Шын өнердің бағын көрдім жанбаған,“Жанарыңда мұң бар” дейсің сен маған... Рухсызға болған емес оң бағам,Баба пейіл бүгінгіге қонбаған.Соны ойласам өз-өзімнен қорланам,Бұл өмірде табылмайды-ау жан дауам,“Жанарыңда мұң бар” дейсің сен маған..  * * *                                      ***Көңіл көгі де бұлтты аспан сынды бұлыңғыр,Жайсаң жазымның сезгендей болдым құнын бір.Қысырақтың үріккен үйірі - менің ойларым,Торысам дағы, ұстатпай қойды құлын-жыр... Ұлпа қар бетін әулекі желден шаң басқан,Кезекті дүние, әп-сәтте бәрі алмасқан,Жә, мені қойшы, шуақты күнің оралар,Қабақты түйіп ойлана берме, мұңлы аспан... Келер-ау кезің әуеде ақ нұр тұнатын,Жер-ана сонда өзіңнен табар қуатын.Терезесінің алдында бүйтіп отырмасБосына өлген күндерін жоқтап бір ақын...Ақпан, 1996ж.