ВЕРНУТЬСЯ

Үлкен бақыт-бейбіт күн

Таң әлеті, тәтті кезі ұйқының,Ояу едім, маза бермей жыр-құйынТөргі үйімнен ауық-ауық естілдіСәби үні, сықылығы күлкінің... Ақырындап, адымымды есептеп,Үңілдім кеп бөбек жатқан төсекке,Күледі де, былдыр-былдыр сөйлейді,Бал жүзінен, мейір қанбас, неше өпсе. Рахатта, ұйқысырап алаңсыз,Дүниенің жай-күйінен хабарсызЖатыр бөпе, кірпік қақпа, тыныштық,Ұйқысынан күрт шошытып аларсыз. Бір бақытқа кенелгендей кезігіп,Қуаныштың сақшысындай сезініп,Ойға қалдым неге кейбір адамдарТыныштықтан жүреді деп безініп? Бір кішкентай бөлшегі боп тірліктің,Жатыр сәби, мен мынадай сырды ұқтым:Бақыт болса адам үшін

Өмір дегенің...

Қаңтар да өтерАқ мамығын аунатып,Ақпанда өтерАязбен “шымшып”, жауратып,Наурыз да келерӘуеден ақ нұр саулатып,Сәуір де келерДаланы бір сәт жайнатып.Келер де кетерБірімен бірі алмасып,Осылайша өмірЖатады екен ғой жалғасып,Білтелі шамдайҒұмырдың өзі шектеуліБарасың қайдаЖүргенмен қазір алға асып...Өмір дегеніңЖанның көктеуі, солмағы,Орны бар болса,Оңалып қайта толмағы,Өмір дегеніңСапардағы көш керуенКенеттен бірақТоқтап қалмаса болғаны.Өмір дегеніңҚоңыр кешің мен ақ таңың,Бақыт пен сорың,Бейнет пен зейнет тапқаның,Жылап келіп,Сәулеге есік ашқаның,Жылап барып,Есікті қайта жапқаның...

Ғасыр ауысқан күнгі тілек

Жатқанда дүние күбініп, тосқан ғасырын,Тілемеймін мен тәңірден аспандағысын,Қайқы қылыштай сілтеймін қыран жырымдыҚара қазақтың жауынан жасқанбауы үшін... Ынтымағы асып, қалам мен даламның мынау,Басымызға ылаң түспесін, көңілге қылау.Атырау-Алтай арасын жайлаған елденАулақ қонсыншы, әрдайым қайғы-мұң, жылау. Халқыма ғасыр сыйласын бақытын, бағын,Тәттісін татып, өмірдің жақұтын тағың.Бабамыз қандай күнде де тойға барған ғой.Жас ұрпақ, сезбей өтсінші уақыт ызғарын. Көп көрме тәңір осынау бостан күнімді,Қуаныш әкел, қайтарма қашқан мұңымды.Тілектерімді осы айтқан қабыл қыла гөр,Тілемеймін мен

Шағала

Күннің көзі тұтылып,Сұрланды көктің қабағы.Қарт Каспий жатыр құтырып,Сабалап марғау жағаны. Атады суын тепсеңге,Шуылы баурап даланы.Құты қашып, бүкшеңдеп,Қаңбақтар зытып барады. Жатқанда теңіз долданып,Тереңнен жынын шақырып.Шағала ұшты қомданып,Жасындай көкке атылып. Сусылдап құрыш қанаты,Әуеге тартты қасқайып.Сатырлағанмен жай оты,Қайтатын емес жасқанып. Ұрандаған батырдайШаңқылдайды кекті үні.Дауылың жатыр басылмай,Бас идіре алмай тектіні. ...Өмір де осы-ау, ойласаң,Жігерсіздікті ықтырған.Жүректен сөнбе, қайсарлық,Қиындықтарға тік тұрған!

Адамдар, араласыңдар!

Шайтан дер:“Араны ашыңдар,Ұрыс сап,Жағаласыңдар,”Сенсеңдер,Оң аларсыңдар,Өлсеңдер,Жоғаларсыңдар.Ал сендерАраласыңдар! Өмірге адам келуде,Төбеңнен ажал төнуде.Тірлікте асығып қалАдамға қолды беруге.Бай екен,Жоқ екен деме,Нар екен,Қор екен деме,Тірлікте сен жүзген кемеБатпасын, иықпен деме.Қартайсаң,Жоғалар күшің,Ортайсаң,Оңалармысың?Дүниеден озады Әркім...Кеткен соңТаба алармысың?Адамдар, араласыңдар!Адамдар, араласыңдар!

Страницы