ВЕРНУТЬСЯ

Өмір

Хош иісті, алуан түрлі шоқ гүлдер,Мезгілі өтсе, су құйсаң да солады.Күткеніңде өтпей қойған көп күндер.Уақыт жетсе, бір-ақ күндік болады. Қуанышқа шын кенелген бал күніңСол күйінде қайта оралмас артына.Он сегіз жас бұлғаңындай түлкініңБір кеткен соң көнбейді еш шартыңа. Ойға түйіп, көптен күткен сапарың,Сәті келмей оралмайды оңына.Қатал тағдыр сені тіпті апарып,Лақтырады қайғы-мұңның торына. Уақыт бітсе, қимасыңнан, асылданАйырыласың, бар ма басқа амалың.Қуаныш та кейде келіп тосыннан,Өрге тартар алға басқан қадамың. Бұл өмірдің өз есебі, заңы бар,Тірлігіңде бітпес күрес, егесің.Тағдыр сыйы

Той жыры

Әні: Амангелді СұлтанғалиевтікіДуман келді,той келді төрімізге,Ақ тілеу мен шат күлкі-бәрі бізде,Көптен күткен осынау қуанышқаҚосылыңыз, кәне енді келіңіз де. Қайырмасы:Құтты болсын,Ағайын келіндерің,Көтерейік биікке көңіл көгін,Екі жасқа айтатын тілегіміз –Махаббатпен өтсінші өмірлерің. Қуаныштаатасы, анасы даАпасы да, інісі, ағасы да,Шаңыраққа жиылды туыс-бауыр,Бөле, жиен, осында нағашы да. Қайырмасы.Бүгінгі той,ортақ той екі жасқа,Шаттануда әнеки, құда жақ та,Мұндай күнде негіз жоқ өкпелеугеӘнді баста, ағайын биді баста. Қайырмасы.Ақ тілектіңайтылар жөні барда,Қапы қалма ағайын, сөзді қа

Қыркүйек

Ақ жаңбыр сіркіреп,Көк аспан күркірепЖатса да,Кетпейді қыр түлеп.Мамыра жаз қашты,Далада – қыркүйек.Сал самал аңқылдап,Қарғалар қарқылдап,Таң атса-ақ, қоңыр кеш,Жетеді алқымдап.Су суып ақ таңнан,Жасыл бақ шоқтанған,Жидектің шырыны сорғалап,Қайысқан дастархан.Сары ала қырат-бел,Кейде жаз,Кейде күз сияқты.Құбылма,Ауа жоқ тұрақты.Түн-ызғар,Талтүс шуақты.Құс қайтып дүркіреп,Таң атар нұр күреп,Мен туған ай осы –Сары алтын қыркүйек!

Бұлақ жыры

(монолог)Бұлқынып шығып, тас емшек жердің үрпінен,Аптығып алға, сәбише былдыр күлкімен.Қырқадан асып, жолымды шайып сілтіден,Келемін ағып, мен өткен жерлер дүр кілем. Далаға дархан оралып бағзы сән-көрік,Жанына дәру алсын деп шипа нәрді еміп.Келемін ағып, тозған қырларым қарайды,Кезеріп ерні, төскейін ыс пен сор көміп. Келемін ағып, көп болып жолда бөгесін,Қайратқа мініп, олардың сөгем көбесін.Қолтықтан сүйер бір нөсер керек мұндайда,Күш-қуат беріп, ағыл да тегіл төгетін. Бірақ та бізде нөсерлер неткен аз тіптен,Пұшайман көңіл көктеме келсе наз күткен.Орайды алдан жықпыл мен ойдым шұқанақ,І

Өлеңге

Бастан өтіп небір күн,Мұңайдым да, қуандым,Сенен тауып алданыш,Жас балаша жұбандым. Төсегімде тыншытпайЖігіттік пен серілік,Махаббатқа сыр айттым,Сен арқылы егіліп. Ерте тұрып, кеш жаттымҚызметтің бабымен,Шаршасам да, сені аңсап,Қалам алдым тағы мен. Көңілімді мазалап,Ұйқымды сан қашырдың,Магниттей тартатынҚұдіретіңе бас ұрдым. Талай дос та, таныс таБөлек салды іргесін,Көлеңкемдей сен бірақ,Меніменен біргесің. Көкірекке сен қонсаң.Шабыт қалай көз ілсін?!Бұл жалғанда айнымас,Сырлас досым өзіңсің! Өмір-өзен ағысыТартса бір күн тереңге,Менен қалған белгідейӨлеңдерім сен өлме!..

Страницы