ВЕРНУТЬСЯ

Журналистер

Жақсылықтың айнымасжаршысындай,Патша төрге шығарғанолқысынбай.Журналистің керексе сөзі мірдей,Бабамыздыңбұзау тіс қамшысындай.Ар-намысынбәрінен қойып биік,Дәріптейтінасылды көңілі сүйіп,Зұлымдықты көргендешыдас таппай,Арашада жататынөзі күйіп...Өзгерістер,сан қилы төңкерістер,Іргелі істернемесе ізденістер...Бар лүпіліндүбірлі дүниенің,Жүрегінен өткізержурналистер.Қала айналып,жүрсе де дала айналып,Таңмен біргеатады арайланып,Өйткені ол,ел-жұрттың тынысына,Ғашықтықпенәрдайым қарайды анық.Әрбір сәттіңбайыбын жіті аңдар,Үмітті деүзілген қайта жалғар,Ешқашан дажурналист бола алмайды.Санасы пәс,

Қол бұдғап шық...

Қиналдым-ау, жан таппай сыр ашатын,Қимастығым ғұмырға ұласатын.Қуанғанда қос жүрек бірге соғып,Қайғырғанда қосыла жыласатын. Кейбіреуге сырымды айтып, налып,Жүруші едім, танытты тәйтік қалып.Түсінетін жан жоқтай, жұрттың бәріҚарабай боп, кеткендей Жантықталып. Өшпейтіндей дақ салып, опындырып,Кей жігітің көрсетті қатын қылық,Жарасатын жан таппай, жан-жүрегім,Көштен қалған күшіктей жатыр ұлып. Шабыттансам жырымның басы-уайымТұнжыр көгім күтеді ғашық айын,Көкжиекше алдымнан қол бұлғап шық,Бұлтты түрген күнге ұқсап асығайын...  * * *                      ***Көңілімнің қалғаны-ай құлазып-ақ,От

Өзіңмен бірге...

Өзіңдей кім барАлдымнан асқақтап шығар?!Көзің бе еді ұлдарБарғанда қашқақтап бұғар?Сен кеткелі орының ойсырап, қартым,Елесің қапты көгалда ат баптап тұрар... Жан жоқтай қамқорҚұм басқан шарбағың жатыр,Аруана аунарКүл шашқан шаңдағың тақыр,Төрт көзі түгел отырып, көлеңке баққан,Мұншама неге болды екен ұлдарың пақыр?! Ісіңді күйттерЖоқ екен, қора жұтаған,Үрерге ит жоқ,Көз тұнар алабұтадан.Қиюы қашқан тірлікті көргендер бүгінЕске алар ылғи өзіңді, елге құт адам... Қаусаған дүние,Көргенім сөгілген ірге,Дей алмады ешкім:“Оңалар, көңілді бірле,”Береке-бірлік, ер-намыс, бақ-дәулеттің деКеткенін бі

Өкініш

Мизамбай ағамның рухына Ауырғаның жатса дағы естіліп,Мына інің танытпады естілік,Күйкі тірлік қамыт болып мойынға,Жүре берді ерте күнді кеш қылып... Сен бар-ау деп көңіліне ілмеген,Жоғалған соң опық жеген, іздеген,Дүниеде мендей ессіз бар ма екен,Бұл жалғанның жалғандығын білмеген?.. Айтарыңды жеткізе алмай толғап кең,“Келмеді-ау” деп, сәлеміңді жолдап та ең,Аға, кешір, алшаң басып жүрген соң,Сені осынша тез кетер деп ойлап па ем? ...Жаралған соң тірлік-күрес басталар,Мұңданармыз, кей күніміз қош болар.Інілерім салмай кетті ат ізін,Іздер бір күн, бірақ бәлкім кеш болар...

Апа, сен қартаймайсың

әні: Жалғас КеңесовтікіБала деген адамның өмір гүлі,Қартайтама сәбидің көңілді үні.Қабағыңды шытуды білмейсің-ау,Апа, сендей көрмедім өмірліні. Қайырмасы:Апа, сен қартаймайсың, қартаймайсың.Қартайдым деп ойлама әр тайғасын.Отамызда отырсың дана болып,Әрқашан дастарханың ортаймасын. Дауысыңда балаға жоқ қой ызғар,Тентектерің сонда да сені тыңдар.Жастығың да солар ғой, шаттығың да,Ойлашы, апа, бақытты сенен кім бар?! Қайырмасы:Апа, сен қартаймайсың, қартаймайсың,Қартайдым деп ойлама әр тайғасын.Ортамызда отырсың дана болып,Әрқашан дастарханың ортаймасын.

Страницы