ВЕРНУТЬСЯ

Ақын Есенғали Бөкенбаевты еске алу

Ес білген шақтан өлеңге көңлім бұратын,Табатын сынды тек содан ғана мұратын.Мұнымды сезген әкем бір тойда көрсетті:«Анау тұрған деп, Шағадамдағы дүр ақын». Буыны қатпай жетімдік көрген, жетілген,Он сегізінде жоюға жауды бекінген.Ақынмен содан ағалы-іні боп кеттікБір жүрген күндер кетпейді әлі есімнен. Майдангер екен, Отаны үшін от кешкен,Барлаушы бопты, ажалмен талай беттескен,Қаза тапқанын көзімен көріп МәншүктіңҚанқұйлы жаумен бітіспейтіндей кектескен. «Өткеріп бастан небір сұмдығын соғыстың,Жеттім мен елге солдаты болып Жеңістің.Өрісін аңсар аруана сынды арқырап,Маңғыстау барып, Сәтекеңм

Үміт

Мәнсіз күндер кеудеме түнетсе мұң,Ертеңге үміт келеді сүйеп бүгін.Қысқа жібім күрмеуге келмесе де,Бір жақсылық күтетін сияқтымын. Бір жақсылық, білемін, болады әлі,Қанаттанам, сыпырып томағаны,Басқа түскен бүгінгі бұлыңғыр күнБұлдырықтай бұлдырап жоғалады. Ғаділет пен шапағат жол алады,Барша тірлік сонан соң оңалады.Жадаулықтың қамытын сілкіп тастап,Көгереді біз жүрген қоғам әлі. Демеймін мен нені аңсап, нені күтем,Үмітімді сүйеніш, серік етем.Жоқтықтың да артында тоқтығы бар,Бір жақсылық болады сеніп өтем...

О, жаратқан

“Сүлеймен патшаның алтын жүзігінің бетіне“Бәрі де өтеді”деген сөздер жазылған екен. Қайғырса да, қуанса да соныоқып, сабасына түсіп, тәубесіне келетін көрінеді. Тірліктебәрі де өткінші. Ештеңе мәңгілік емес.....”.

Ақ кемедегі ару қыз

Әні: Жалғас Кеңесовтікі Ақ кемеде ару көрдім ай жүзді,Жарқ еткенде, жанарында таң күлді.Қарағанда ғашық еткен сол бір қыз,Талай жанның жүрек отын жандырды. Қайырмасы:Кемедегі ару қыз,От болсаңыз, жалынбыз.Шырқасаңыз, әнің – біз,Басыңдағы бағыңбыз. Көкірекке көктем еніп, жаз күлді,Жиып берем әлемдегі бар гүлді.Ақ кемеде арман болған аруым,Саған ғана арнап өтем ән-жырды.Қайырмасы. Айдай көркің мейірімді қандырды,Бақыт көрем кездестірген тағдырды.Біз – жолаушы, сен – шамшырақ шақырған,Ақ кеменің ару қызы ай жүзді.Қайырмасы.

Пір Бекеттің баласы

Ақын Рахмет Аяпбергенұлының рухына.«Мы теперь уходим по немногу...»Сергей Есенин.Әй, Рахмет-ай,Ақыным-ай, аңқылдақ,Жиын-тойда өлең оқып, саңқылдап,Жүруші едің, бір күнгідей болмадыАжал-тажал алып кетті-ау алқымға ап... Жыр пырағын мінгенің шын тағалап,Жас ақын көп соңыңа ерген ағалап,Төлегенді «тірілткеннің» бірі өзіңӘр шайырды жүретінсің бағалап. Ақ көңілдім, жалпаң қаққан сенгішім,Сенің бізге аз емес-ті оңды ісің,Біреулердің кеңіді ме өрісі,Таба алар ма енді сендей көнбісін...Бізге ашып айта алмадың мұңыңды,Кей ретте шаппай туың жығылды.Түсінгісі келмегендер түсінбес,Жыр сүйер жұрт сені а

Страницы