ВЕРНУТЬСЯ

Қайран жүрек, шабыт бер

Қайран жүрек, шабыт бер құйындаған,Нөсер өлең төгейін тыйылмаған.Шөл даладай кезеріп жүрмін қазірКөктемеде бір тамшы бұйырмаған. Шабыт болсын ұсынған сыйың маған,Соны берші, сол үлкен бұйым маған.Тойдан кейін бос қалған дастарханныңЫдысындай ойларым жиылмаған. Ұстай алмай шабыттың дүр пырағын,Мазаң ойдың күтемін бір тұнарын.Қайран жүрек, шабыт бер, тұтанайын,Отауымда жағайын жыр шырағын!

Күн нұрындай қуамын көлеңкені

Өзімшілдік ойың мен санаңды алып,Сөздерің де кетіпті жалаңданып.Түкке алғысыз өзгелер, сен болмасаң,Құритындай дүние қараң қалып. Көрмегендей тырбанған жан баласынЕл алдында еңбегін малданасың,Келгендей-ақ Құдайдың қолын алып,Өз-өзіңнен шалқақтап мәз боласың. Сыртың жылтыр болғанмен, ішің түтін,Танытам деп әуресің іскер пішін.Бұлданасың, өзіңше тұлданасыңӨмір сүріп жүргендей біреу үшін. Мұқалта алмай мендегі асқақ үнді,Зәріңді төк, құра бер қақпаныңды.Күн нұрындай қуамын көлеңкені,Тіреп тұрсаң, тастай ғой аспаныңды. ***“Ішінде адам аласы”,Деген сөз бар, болған емес таласым,Бірақ, бірақ күлі

Дос десе...

Дос десе, жүрдім елжіреп,Жанымның жағып алауын,Өзімнен аса сендім көп,Тапсам бір деумен қалауын. Қорғадым, таяқ жесем де,Сол үшін түстім жұлысқа.Досымды сатып өсем деу,Күнә деп білдім, бұрыс па? Мұнымды айтпас бекер деп,Бұрыннан мені білгендер.Сүрмедім өмір лекерлеп,Сыртымнан өсек үргенмен. Суыды бүгін сезімім,Сырымды ұғар дос таппай.Жоғалтты ма әлде сенімін,Адамның бәрі жалдаптай. Маздаймын дағы сөнемін,Қажытты ойдың ауыры,Қайдасың, іздеп келемін,Мәрт достықтың ауылы. Шалқыған отым жанар ма?Жас ақты-ау жүрек көзінен.Жападан жалғыз аралдаҚалғандай кейде сезінем...

Бір қуаныш жетпей тұр, жаным, маған...

Тұлпар уақыт тізгінге бағынбаған,Жылдар өтіп барады жалындаған.Жабырқаған жүректі жалаулатарБір қуаныш жетпей тұр, жаным, маған.Бір қуаныш...Өзі жоқ, елесі бар,Ғұмырыма сол сынды беретін нәр ?Мен дегенде тас-тағдыр бүлк етпейдіӘуелден-ақ бітіспес егесі бар.Бір қуаныш,Сәулесі үмітімнің,Күте-күте бордайын үгітілдім,Ойы жеткен қияға, өзі жетпесӘуселесін көрдің ғой жігітіңнің.Күндер қайда,Алмастай жарқылдаған ?Кемедейін желкені қалтылдаған.Қор болуы адамның оңай екен,Бір-ақ сәттік екен ғой нарқың, бағаң...Бір қуаныш жетпей тұр сілкінуге,Мұзбалақша шыңдағы бір түлеуге,Найзағайдай жарқылдап зеңгі

Жүретін-ді ақ жаулығы желбіреп...

1.Көрінбейді анашымСүйіншілеп “ұлым міне, келді” деп,Ар туындай ақ жаулығы желбіреп,Жүргенде анам сағынышты баса алмай,Үй төрінде отырушы ем елжіреп. Анашым-ай, көлеңкемді бақ тұтқан,Пейіліңді жақының да, жат та ұққан.Жатушы еді дастарханың жиылмай,“Шүкір, Алла”, – айтар сөзің шаттықтан. ...Міне, енді жатыр ауылы қаралы,Қайтпас жолға аттандырған ананы.Туған үйден мен де ұзап барамын,Шығара алмай ішімдегі наланы. “Қашан мұнда ораламын енді”- деп,Қарайладым, сорлы жүрек елжіреп.Үй жанында көрінбейді анашым,Жүретұғын ақ жаулығы желбіреп... 2.Құбатау, қош бол!Осынау Құбатаудың бөктерінде,Жазыпт

Страницы