ВЕРНУТЬСЯ

Теңізге мынау қарашы

Теңізге мынау қарашы,Жетпейді көздің шарасы.Кеткендей боп тұр астасып,Аспан мен жердің арасы.Мұнда жоқ кінә-кек деген,Мұнда жоқ шет пен шек деген.Сан бақыт мұнда бүршіктеп,Сан мұрат мұнда көктеген.Оған жат қайғы-қасірет,Айтары ерлік өсиет.Теңіздің теңіз екенінТану да үлкен қасиет.Төлеген Айбергенов

Шараңа суың сыймастан.

Шараңа суың сыймастан.Теңселіп жатқан теңізсің.Теңі жоқ ғажап күй-дастан,Тербелген ыстық лебізсің.Сілкіле құлай жаздатып,Толқыныңмен қағып өт.Жіберші мені маздатып.Кеудеме жалын жағып от.Бойыңда туған балаңмын,Аяма, теңіз, барыңды.Арманын тындап даламныңАлайын сенен бар үнді.Жандардың мынау көңілдіКемесін, теңіз, тербей біл.Тербеліп жатқан өмірді,Тебіреніп сүйген ел ғой бұл...Төлеген Айбергенов

Шығанға шұлғып шың басын

Шығанға шұлғып шың басын,Қара тал қара тұяқты,Кісінеп желмен қимасын,Сағынып тұрған сияқты,Кейбіреу сылбыр ісімен,Етпейді әсер маған түк.Міңгірлеп тұрған кісіден,Күмбірлеп тұрған бақ артық...Төлеген Айбергенов

Қырыңда анам қыз күнін

Қырыңда анам қыз күнінҚыздырып өткен Кегейлі.Келем деп қайтып, түз гүлінҮздіріп кеткен Кегейлі!..Су алған сайда әжемніңСырғасы қалған Кегейлі.Сырласы қалған Кегейлі,Мұңдасы қалған Кегейлі.Әмудің арғы бетіненАрқалап келдім көп ойды.Жүректің ыстық отыменМархаббат, қарсы ал, Кегейлі!Көркімді көріп қуанғанБаладай кемпір-шалдар-ай,Алыстан келген нарлар-ай,Арыстан кеуде жандар-ай.Жаралу шарт па егіз боп,Туысқа мен де ғашық ем.Тербеліп кеттім теңіз боп,Сүйдім де көздің жасымен.Анаммен тұстас болғандар,Әкеммен қиқу салғандар.Мендегі ыстық сәлемді ал,Мендегі ыстық арманды ал.Жанассаң жанда жаз қалар

Страницы