ВЕРНУТЬСЯ

Өсіп келе жатырмын

          Кеудесінде
таулардың,

Кемесінде
арманның,

Жалау етіп
өрлікті,

Ескек етіп
ерлікті,

Есіп келе
жатырмын!

Адал терін
әрдайым,

Моншақтатып
маңдайым...

Соқсын дауыл,
соқпасын,

Қиындықтың көк
тасын,

Кесіп келе
жатырмын.

Кейде күнмен
теңесем.

Таласып күнмен
мен өсем.

Гүл теремін
жерімнен,

Бірге туған
елімнен

Өсіп келе
жатырмын!

Өтті ғой, сәулем, ай талай

Өтті ғой, сәулем, ай талай,Көрмедім қанша өзіңді.Қайталай берем, қайталай,Сүйемін деген сөзіңді.Қайтейін жаным аңсады,Сабыр да керек десек те.Сағынған көздің моншағыШашылып жатыр төсекте...Төлеген Айбергенов

Адамдар

О, адамдар, біргемін мен сендермен,Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен.Сендер менің бақытымның бұлағы,Сендер менің дарыныма жел берген.Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым,Жарты құртты бөліп жедім, сырластым.Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп,Рақатын ойлау үшін бір бастың.Гүлстанға айналдырған тақырды,Болат қолдар, алғыр милар ақылды,Сүйемін мен, сүйемін мен сендердіАлар демім қалғанынша ақырғы.Менің үшін бірдей тілің, жынысың,Көбің ана, көбің аға-інісің.Достық өскен, ерлік өскен ортаңаЕнген сайын кеңи түсер тынысым.Не кездессе өздеріңмен көрмекпінҚарапайым адамдары еңбектің!Барлығын да бағыштар ем сен

Алматыға

Жүрегіме жақын сенің есімің,Әкем десем, анам десем несі мін.Жарқыраған көк тасында көшеңніңІзі қалған Сәкен бөтеңкесінің.Жамбыл жыры аспаныңда жаңғырып,Әуеніне кетті әлемді таң қылып.Алатаудың ақ шыңдары КүләшшаКүләш әнін қайталайды мәңгілік.Жасыл барқыт жапырағы бақтардың,Саяңда жүр құрбылары Саттардың.Осындағы талай залдар куөсіИса еліне жыр тыңдатқан шақтардың.Беу, Алматым, тұра алам ба сүйе алмай,Келемін мен, келемін мен қиялдай.Жас қаламым дірілдейді қиналып,Сен жайлы жыр ақ қағазға құя алмай...Төлеген Айбергенов

Арал жырлары

Арал қызынаҚай жаны пәк жігіттіңБақытына жаралдың?Қарлығашы үміттің,Ақ сазаны Аралдың.Қызғалдақ па ең сен әлде,Көгеретін көктемде.Қасқалдақ па ең сен әлде,Көлбеңдеген көк көлде.Қиялдаған Навоидың,Жоқ жары ма деп едім.Қайта туған Абайдың,Тоқжаны ма деп едім.Арта берсін мерейің,Жайқала бер орман боп,Несін айта берейін,Көкіректе арман көп...Төлеген Айбергенов

Страницы