ВЕРНУТЬСЯ

Жүрегіме жақын сенің есімің,Әкем десем, анам десем несі мін.Жарқыраған көк тасында көшеңніңІзі қалған Сәкен бөтеңкесінің.Жамбыл жыры аспаныңда жаңғырып,Әуеніне кетті әлемді таң қылып.Алатаудың ақ шыңдары КүләшшаКүләш әнін қайталайды мәңгілік.Жасыл барқыт жапырағы бақтардың,Саяңда жүр құрбылары Саттардың.Осындағы талай залдар куөсіИса еліне жыр тыңдатқан шақтардың.Беу, Алматым, тұра алам ба сүйе алмай,Келемін мен, келемін мен қиялдай.Жас қаламым дірілдейді қиналып,Сен жайлы жыр ақ қағазға құя алмай...Төлеген Айбергенов