ВЕРНУТЬСЯ

Кегейлім жердің еркесі,Жас жаным толқып тұр менің.Бердақтың1 сүйген өлкесі,Ажнияз 2 айтқан жыр ма едің?!Қаһарман мынау халықтыңСерті де сенің бетіңде.Еңбектен өскен алыптыңКөркі де сенің бетіңде.Әлемнің жүзін селдеткенЖаңбыр күй сенің бетіңде.Даланың төсін гүлденткенАлғыр ой сенің бетіңде.Өзіңді көріп кеудемеДүрсілі қонып жүз аттың,Осынау сұлу өлкеңеӨлеңнің қызын ұзаттым...Жоныңда әкем жорға атпенЖортып бір өткен Кегейлі,Атаның жолын жалғап менЕлтіп бір жеткен Кегейлі.1,2 - Бердақ, Ажнияз- қарақалпақ әдебиетінің классиктері.Төлеген Айбергенов