ВЕРНУТЬСЯ

Тағатсыз күткен ыстық үн,Жаралы хал ғой - ғашық хал.Күйсандық көрсең, бір тілінМені ойлап бар да, басып қал.Тек қана көзге жас алма,Ойлай бер мені күніге.Махаббаттардың қашандаОйламау жеткен түбіне.Жаныма қап ең жақын боп,Жүректе бүгін сыздау көп.Мен болсам кеттім ақын боп,Азырақ бақытсыздау боп...Жолығар болсам қайта менСағыныш толы сол шақпен.Бәрін де саған айтар емЖалғыз-ақ тамшы моншақпен.Төлеген Айбергенов