ВЕРНУТЬСЯ

О, күлкілер,ерке назды күлкілер,Сендер барда жүрегімде жыр түлер.Сендер барда көктемінде шаттықтыңАунап-қунап көңілім бір сілкінер.Сендер барда көңіл жайсаң күйге еніп.Шердің өзі шерленеді именіп.Жатады бір сол кездері кеудемніңРадиосы тасқын-топан күй беріп.Жақсы едіңдернеткен назды күлкілер,Болмағай да сәттерің де бір іркілер.Өз басы үшін жақсы атыңды жамылыпКетпесе екен бірақ кейбір түлкілер.Төлеген Айбергенов