ВЕРНУТЬСЯ

Қырыңда анам қыз күнінҚыздырып өткен Кегейлі.Келем деп қайтып, түз гүлінҮздіріп кеткен Кегейлі!..Су алған сайда әжемніңСырғасы қалған Кегейлі.Сырласы қалған Кегейлі,Мұңдасы қалған Кегейлі.Әмудің арғы бетіненАрқалап келдім көп ойды.Жүректің ыстық отыменМархаббат, қарсы ал, Кегейлі!Көркімді көріп қуанғанБаладай кемпір-шалдар-ай,Алыстан келген нарлар-ай,Арыстан кеуде жандар-ай.Жаралу шарт па егіз боп,Туысқа мен де ғашық ем.Тербеліп кеттім теңіз боп,Сүйдім де көздің жасымен.Анаммен тұстас болғандар,Әкеммен қиқу салғандар.Мендегі ыстық сәлемді ал,Мендегі ыстық арманды ал.Жанассаң жанда жаз қалар,Жарқырай түскен жарықтар.Қазылмай жатқан қазбалар,Жазылмай жатқан тарихтар.Тастыңдар неге бұлақтай,Өзен-ой басын сағалап.Жалынға тиген сынаптай,Жастарың кетті домалап.Жоқ ем ғой кірбің әкелген,Бар еді қандай сыр мұнда!Жан досың болған әкемненАйнымай қалып тұрмын ба?Шаттыққа толы шақтарды еңӨткіздім сенде, қыр бастым.Сыбдырлап тұрған бақтарменСыбырлап тұрып сырластым.Көңілі көктем кең кеудеАғаймен пікір алыстым.Жаз келбет жарқын жеңгейгеӘзілімді айтып таныстым...Жүректе өкпе назың жоқ,Күшті едің шіркін ой неткен!Көрінді маған алыс бопҚасымда тұрған бойжеткен.Қайтейін жаны пәк достар,Бозбала күндер өтті ғой.Сақылдап күлген көп қыздарАрман боп қалып кетті ғой...Төлеген Айбергенов