ВЕРНУТЬСЯ

Арал қызынаҚай жаны пәк жігіттіңБақытына жаралдың?Қарлығашы үміттің,Ақ сазаны Аралдың.Қызғалдақ па ең сен әлде,Көгеретін көктемде.Қасқалдақ па ең сен әлде,Көлбеңдеген көк көлде.Қиялдаған Навоидың,Жоқ жары ма деп едім.Қайта туған Абайдың,Тоқжаны ма деп едім.Арта берсін мерейің,Жайқала бер орман боп,Несін айта берейін,Көкіректе арман көп...Төлеген Айбергенов