ВЕРНУТЬСЯ

Сен менің мәңгілікке өлмес атым,Атымды ап алыс жылға жалғасатын.Әкеде өсиет бар өмір жайлы,Балада қасиет бар алға асатын.Сен менің ұшар басым биіктеген,Жолыңа тапқанымды үйіп-төгем.Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің,Қай нөрсе сол жүректен сүйікті екен?Сен мені өскен сайын ойландырып,Заңдарын табиғаттың ойға алдырып.Бір қадам басқан сайын өзің мені,Барасың шежіреге айналдырып...Төлеген Айбергенов