ВЕРНУТЬСЯ

Жыл келді

               (Көктем)
Күлімдеп қасын
керіп келді жылым,
Сұлудай ақық
ерін, алтын тұлым.
Көркейіп,
көңілінен кетті кірбің,
Көргенде кім де
болса мұның түрін.
Жел есіп
өңменінен иісі әтірдей,
Көтеріп барлығы
да қалды мұрын.
Жай болып
жан-жануар, жайнаңдады,
Әлдилеп ана
алғандай алдына ұлын.

Мінез

«Қоям, - деп, -
халықпен қарсы» - бір  өзіңді,
Байқамай болып
жүрме тірі езінді.
«Әр қашан алам, -
десең, - төрден орын», -
Түзеп ал,
татаусыз қып мінезіңді!

"Кейінгіге нені тастап кетемін" деп

Дүниеге
келгендерге мирас өлмек,
Өлген соң, екі
бастан, жоқ қой келмек.
Соны ойлап
өз-өзімнен қайнап, тасып,
Қиялым
көкірегімді кетті кернеп!
«Кейінге нені
тастап кетемін?» деп
Ішкенім у сияқты
болды кермек.
Жиырманың отыз
бенен ортасында,
Сұлулап сияқты
адам салған өрнек.
Ешнәрсе ол
уақытта ойлатпайды,

Ақжібек

Қарағым,
қатарыңнан көркем түсің,
Ұнайды көңіліме
де қылған ісің,
Құлпырып
байшешектей түрленесің,
Берген соң
ылайықтап құдай пішін.
Жарқын жүз, түлкі
тамақ, құралай көз,
Маржандай тізіліп
тұр отыз тісің.
Наз бенен
қылығыңды көрген кезде,
Елжіреп
қорғасындай кетті-ау ішім!
Шайқалып қызыл
гүлдей сен тұрғанда,

Қайрама, халық тісіңді

Жаз болғаннан жадына ал,
Алдыңдағы қысыңды!
«Бақыт құс» қонса басыңа,
Қадір тұт келген кісіңді!
Үйретіп үлгі, өнеге,
Таза бақ, жасы кішіңді!
Ақылың астам болғанмен,
Ойласпай етпе ісіңді!
Кескен тоның кеңеспен,
Көрінер көзге пішінді!
Кемісі болар кімнің де,
Дегенмен: «Анық түсінді!»
Қайратың қау болғанмен,
Орныңа жұсма күшіңді!
Қанаты қалар қайырылып,
Қалыңға салсаң құсыңды!

Страницы