ВЕРНУТЬСЯ

Өмір

Дүниеден өмір
бітіп өтсем де өзім,
Аралап жердің
жүзін жүрер сезім!
«Көре алмай
кейінгіні кеттім-ау» деп,
Арманда болмай-ақ
қой, екі көзім!
 
 

Абайды оқығанда

Артында атақты
ердің қалса сөзі,
«Өлді» деп
өкінбеймін оның өзі.
Қисынсыз
кедергінің керегі не,
«Базарлап»,
болғаннан соң қайтар кезі,
Ерлердің ертедегі
өтіп кеткен,
әлі жүр халық
аузынды алтын тезі.
Абайдың
атйқандарын оқығанда,
Болады: «бәрінің
де бар, - деп, - көзі».
Өлген соң оған
біз де «қауышармыз»,

Мақта

Арықтың жиегіне жатқан қонып
Ауылға, большевик келді қонақ болып.
Түркстан темекісін тартты-дағы,
Сөйледі жайлым қырды көзбен шолып:
- Қырларың неткен көркем, байлық бөккен,
Жерлерің  құнарлы
екен, балын төккен!
Мақта ексе, қандай пайда болар еді,
Күндерің күлімдейді, нұрын сепкен!
Өткізіп қысқы түнді, қысқа күнді,
Мақтаны кеңес қылдық түрлі-түрлі.
Сіресіп жатқан қарға қараған жан -
Қар емес, қалың мақта көріп жүрді.

Насыбай

Атпаңдар, тіл
алсаңдар, насыбайды!
Нас атсаң, нас
боласың басыбайлы.
Желді күн «түп»
деп жерге түкіргенде,
Боқтай-ақ
бет-аузыңа шашырайды.
Аптықпай ақылы
толық азаматтар,
Өз-өзін таза етіп
асырайды.

Страницы