ВЕРНУТЬСЯ

Артында атақты
ердің қалса сөзі,
«Өлді» деп
өкінбеймін оның өзі.
Қисынсыз
кедергінің керегі не,
«Базарлап»,
болғаннан соң қайтар кезі,
Ерлердің ертедегі
өтіп кеткен,
әлі жүр халық
аузынды алтын тезі.
Абайдың
атйқандарын оқығанда,
Болады: «бәрінің
де бар, - деп, - көзі».
Өлген соң оған
біз де «қауышармыз»,
«Ұйықтасын» торқа
болып киген бөзі.
Ойланып осы сөзге
түсінгендер,
Сүйінер
сойдырғандай бағлан қозы.
Татауы қай бір
кәптің тарқамайды,
Нәрсенің
болмағандай қойған тозы.
Алғанмен қолға
бірақ көрінбейді,
Асылдың қараңғыда
ақ пен бозы.