ВЕРНУТЬСЯ

«Бар» мен «Жоқ»,
«Ал» менен «Бер» бірге туған,

«Ал» мен «Бар»
ажал жетіп өлген удан.

«Жоқ» пен «Бер»
жұрт біткенді жүр аралап,

Жанына жолдас
ертіп ылғи қудан.

«Жоқ-жоқ» деп
жұрттан асқан байлар-дағы

Құтылар қолға
түспей қалың дудан.

«Бер-бер!» деп
бір пара қу бойыңды ертіп,

Май алар
асқатықтық ұрттам судан.

Көзіңе кейпім
күйкі көрінгенмен,

Құтқармас қуған
аңын, мен бір будан!

Дамолла Тұрмағамбет
қолым қойдым,

Әулеті  Кіші жүздің Кете  рудан.