ВЕРНУТЬСЯ

Заң азды, төресі
әділ жан жоғынан,
Тозды жұрт тойып
жейтін нан жоғынан.
Қыран құс қайда
ұшарын біле алмай тұр,
Алып жер
ашыққанда аң жоғынан.
Халық едік қара
шыбын қатарында,
Күнелткен кең далады
шаң жоғынан.
Жер жүзін жеті
қабат зұлымат басып,
Жол таппай жүдеді
жұрт таң жоғынан.
«Болар, - деп, -
заман қалай?» хауіп етемін,
Бұл үшін
ешбіреуде қам жоғынан.
Ұлу жыл жарлық
шығып зар еңіретіп,
Састырды жалын
келіп жан-жағынан.
Сияқты байсыз
қатын болып тұрмыз,
Кең ойлы кеңес
айтар жөн жоғынан.
Жүк жұртта
қалды,имесең ием өзің,
Берік бел бүтін
туған нар жағынан.
«Көп үшін
көбелектей болсам!» деймін,
Есімнің хабарым
жоқ бар, жоғынан.
Ақылды ер
айтқанымды абайлады,
Ақылсыз ақмақ
күлер ар жағынан.