ВЕРНУТЬСЯ

Бейімбет, Сәкен,
Сәбит Ілиястар -
Кемелді
кемеңгерлер көпті бастар!
Солады санды
жүйрік сараптары -
Қалайда Қалмақан
мен Мәжит, Асқар.
Өтебай, Әбділда
мен Тайыр, Жақан, -
Орасан озат туған
ойға «мастар»!
Бедеудей барлығы
да бабындағы,
Ортаға озып келіп
олжа тастар!
Сүйріктей судан
шығып келе жатқан.
Жас ақын және де
көп сөзді наштар.
Жаңартпай жұртты
бұлар қояды ма?
Болған соң біреуі
тыс, бірі астар.
Қам қылды қарт
ақының күшін жиып,
Қалмауға
қатарынан қаламдастар.
Бітіріп бердім
міне «Шахнаманы»,
Күдік қып
күңкілдеуші ед бақталастар.
Жырлаймын
Аманкелді енді ерлігін,
Үлгі алсын
Тұрекеңнен әр жолдастар!