ВЕРНУТЬСЯ

Атаның, әуелінде,
белінде етттің,
Екінш, ана қарны
теңінде еттің.
Тоғыз ай, тоғыз
сағат, тоғыз күндей,
Қадірлеп
құдіретіңмен, шегінде еттің.
Бұрыннан
қамқоршылық  қылып бізге,
Ананы, ақ сүт
беріп желінді еттің.
Тудырып
сау-саламат, талпындырып,
Емшекті,
іңгәлатып, тебінді еттің.
Алты айда от
басына отырғызып,
Жан-жаққа күл
шаштырып, төгінді еттің.
Жүргізіп жыл
толған соң апыл-тапыл,
Бойымды бұрынғыдан
жеңілдеттің.
Сөйлетіп, екі
жаста, оны-мұны,
Тірліктің, тілім,
түрлі кебінде  еттің.
Жеткенше жеті
жасқа, қысы-жазы
Қойны мен ата-
ананың жеңінде еттің.
Секіртіп, сегіз
жасқа келгеннен соң,
Айтақыр,
ойнамақтың жерінде еттің.
Асқан соң оннан
бері, ақыл беріп,
Дүниенің айласы
мен ебін де еттің.
Жиырмаға
жеткеннен соң, желіктіріп,
Қатар мен
қыз-қырқынның шенінде еттің.
Затыңды- бір
бүлдіріп, досыңды-шын,
Өзімді
әһілисламның елінде еттің.
Отызда, өз алдыма
от жақтырып,
Кейпімді жұрт
көруге келімді еттің.
Ұл-қызға, көп
ұзатпай, ата қылып,
Қой, түйе, сиыр,
жылқы желімде еттің
Бойыма ақындықты
үйір қылып,
Атымды алты
алашқа  мәлімді еттің.
Тоқталмай топ
ішінде жыр толғауға
Ой көзін өз
теңімнен өнімді еттің.
Мың шүкір, осы
еткен мәртебеңе,
Енді тап,
ойнақшыған емін дерттің!
Байқайтын болса,
бектер, сөздің парқын,
Демеймін: «Құр
далаға терім кеттің!»