ВЕРНУТЬСЯ

Болсаңдар,балаларым,
хатқа ұста,
Төрден жай
аларсыңдар, тұрмай тыста.
Төр түгіл,
төменнен тимейді орын,
Жүрсеңдер
жалқаулықпен жазы-қыста.
Бақ қонып
бастарыңа, орнар ықпал,
Ілімнің бола
қойса кені ыдыста.
Қай жерде
қазынасы болса ілімнің,
Қабыңды қолыңа ал
да қыдырыста!
Көнертіп алып
жүрме зейініңді,
Қор қылып қара
түтін қойып ысқа.
Бұл күнде
бүркітсіңдер жаңа түлек,
Алыңдар алтайыны
парлап ұшта!
Өнерді осы кезе
үйреніңдер,
Көңілді
жарыстырмай ұшқан құсқа!
Жаңылыс қалайда
да бола берер,
Жас жетіп
ұлғайғанда алған нұсқа.
Жастағы алған
үлгі жойылмайды,
Таңбадай таптап
ұрып салған мысқа.
Өксимін: «Ескерер,
- деп, - айтқанымды»,
Болмаса ойларыңды
ақыл қысқа.
Осы айтқан
үгітімді тыңдасаңдар,
Сүтіндік
етерсіңдер үш Құлысқа.
Қусырып
қолдарыңды отырмаңдар,
Айналған
адамдардай құр құнысқа!
Сауалын
Сүлейменнің берген шешіп,
Білімге бай
болған соң бір құмырсқа.
Талабы қай
біреудің оңғарылса,
Иелік ете кетер
бақ, ырысқа.
Ақылдың
көкірегінде көзі барлар,
Шығармас бұл
сөзімді надұрысқа.