ВЕРНУТЬСЯ

Көңіліме,
ойлансам да сөз келмейді,
Келгенмен,
қолайлысы кез келмейді.
Көнеріп көңіл
шіркін қалған білем,
Қайткенмен көп
ойланам, тез келмейді.
«Белгісі
кәріліктің шығар»  деймін,
Кимесем
көзілдірік, көз көрмейді.
Танабы тәніміздің
тартылған соң,
Ниеті нәпсибаттың
өзгермейді.