ВЕРНУТЬСЯ

Қасқырда қуат
қалмаса,
«Апа» дейді
ешкіні;
Тоңған - торқа
көреді,
Қырық құраулы
ескіні:
Үміт үзбе,
бұзылса да
Ісіңнің, ерлер
кескіні!
Ұмытарсың  күн шықса,
Айсыз түнгі
кешкіні;
Бірде тұман,
бірде ашық,
Бұл дүниенің бес
күні.