ВЕРНУТЬСЯ

Келіңдер, кең
ойлылар, кеңеселік!
Кеңестен кемдік
көрген емес едік!
Кеңестің елін
аман өткізуге,
Отырған күні-түні
кемеші едік!
Құрғаққа елді
ертерек шығаруға,
Ескекті
елеуремей, оң еселік!
Керегін кедей
таптың тауып беріп,
Аяқты алға басқан
демеселік!
«Жемейді
біріккенді бөрі!» деген,
Бас изеп
бір-біреуге, «е» деселік!
Қарқыны қиянаттың
қаптамасқа,
Шым тасып, шын
ниетпен бөгеселік!
Бәйгені алу үшін
ұран салып,
Елімен ескі
таптың егеселік!
Туғызып қой
үстіне бозторғайды,
Туралық туын
ұстап, теңеселік!