ВЕРНУТЬСЯ

Қадамың құтты
болсын, Кеңес аға!
Ешкім де ренжулі
емес, аға!
Тең тұрып
таразыдай тәрбие еттің,
Дұшпан да оны
бекер демес, аға!
Осынша сенің
еткен еңбегіңді,
Елің де есіне
алар, жемес, аға!
Қараңды көрсе,
күліп қуанады,
Жүдеу мен
жетім-жесір, бала-шаға!
Көркейіп күннен
күнге, есін жиып,
Енді олар шығуға
тұр тамашаға!
Қасқырдан
қорықпайтын болды қойшы,
Шыққанмен
қой-қозысы оңашаға!
Халқың тұр
күні-түні тілегіңде:
«Тұяғы тимегей, -
деп, - томашаға!»