ВЕРНУТЬСЯ

Өнердің ең артығы
ілім еді,
Ілімнен барлық
пайда білінеді.
Білген соң байтақ
жұртқа басшы болып,
Қалай да бас
бәйгеге ілінеді.
Білімнен бек те
болса бос қалғанның,
Табаны тасқа тиіп
тілінеді.
Суменен сепкен
тұқым көгергендей,
Ой құсы оқуменен
тіріледі.
Оңалтып ой
тұйғынын ұшырған соң,
Ерлерді десе
болады: «Іріледі».
Баяғы бай,
патшаның заманында,
Жұмысы жұрттың:
ұйқы, пырыл еді.
Оянса, бір-біріне
көз алартып,
Иттей-ақ етер ісі
ырыл еді.
Айқайлап атқа
мініп айтатыны:
«Қайтпаңдар
қалайда да,қырыл!» еді.
Қолайсыз ол
жұмысын көргеннен соң,
Большевик
оларменен қырын еді.
Оқу мен өнер
жайлы айтқан сөзі
Көсемім Лениннің
шырын еді.
Жолына өнер-білім
басыңды тік,
Деме: «Атым демін
алсын, сүрінеді!»
Шаба бер, шұқыр,
шоқат жоқ алдыңда,
Сүріну - бүгінле
емес, бұрын еді!