ВЕРНУТЬСЯ

Ақыл - тон,
алдағанға, тозбайтұғын,
Ғылым - кен,
күнде өнім қоздайтұғын.
Иелік екеуіне
еткендердің
Жаны жоқ жер
жүзінде озбайтұғын.
Адамды әрлі-берлі
үйрілдіріп
Сияқты тұрмыс -
толқын, қозғайтұғын.
Өнер мен көп
ғылымға, уақытың барда,
Себеп не, қол
сыбанып созбайтұғын?!
Қатарың қалмай
бара жатса,
Арқаңның аруы не
қозбайтұғын?!
Көшке ермей, өз
бетінше қалғалаған
Бота да боз
тақырда боздайтұғын.